АУЫЛ АЖАРЫН АШҚАН БАЛАБАҚША

АУЫЛ АЖАРЫН АШҚАН БАЛАБАҚША

Бал тілді баланың былдыр тілі мен шат күлкісінен асқан шаттық бар ма? Бүгінде еліміз көркейіп, гүлденіп, озық елдердің арасынан ойып орын алды. Сол мемлекетіміздің болашақта тұтқасын ұстайтын – бүгінгі бүлдіршіндер. Мемлекет қазірде ертеңін ойлап балалардың барлық жағдайын жасап, мемтепке дейінгі мекеме ашып, шалғайдағы елді мекендерде үздіксіз тәлім-тәрбиеге іргетас қалауда.
Ел Тәуелсіздігінің  29 жылдығына орай Тамды ауданының “Тамдыбұлақ” ауыл азаматтар жиынындақолданысқа тапсырылған 4-санды “Арай” балабақшасының ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Алдабергенов, Өзбекстан Республикасы Президентінің Халық қабылдауханасы аудандық бөлімі меңгерушісі Т.Медетов және сектор басшылары мен ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар мен депутаттар қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Карантин ережелерін қатаң сақтай отырып, ашылған қос қабатты зәулім ғимарат алыстан менмұндалап, жарқын түсімен көз тартады. Ашылу салтанатына жиылған қалың жұрттың қуанышында шек жоқ. Бірі баласын, енді бірі немересін жетектеп келген. 
Аталмыш жаңа зәулім ғимаратты “Тош Нур Инвест” жеке  кәсіпорны заманауи құрылыс технологияларын пайдалана отырып салған болып, 2 млрд 439 млн сумдық бюджет қаржысы  жұмсалды.
Жаңа балабақша табалдырығын аттаған балақайлар да мәз-мейрам болары анық. Жүз орынға арналған ғимаратта тәрбиеленушілер үшін жағдайдың барлығы жасалған.  Музыкаға, биге, спортқа әуестігі бар балалар үшін де, интеллектуалды зейіні жоғары бүлдіршіндер үшін де керектінің барлығы қарастырылған. Заманалық жиһаздармен, ойыншықтармен жабдықталған.
Жаңа ашылған орынмен құттықтай келген қонақтарға бүлдіршіндер өлеңдерін айтып, ән салып, би билеп, көңілдерін көтерді.





скачать dle 12.1

Boshqa yangiliklar

YOPISH